«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Атырауда 172 жоба жүзеге асады (ФОТО)

photo5217461142752962697 Жаңалықтар

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Атырау облысында 172 жоба жүзеге асады. Ал оларды субсидиялау құны 12,6 миллиард теңгені құрады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

photo5217461142752962697

Бизнес-конференция барысында Атырау облысындағы кәсіпкерлік жобаларға қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсету мәселесі талқыланды. Жиынға халықаралық қаржы институттарының 10-нан аса өкілі қатысты. Сонымен қатар,  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі өкілі өңірлердегі шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағдарламаларының артықшылықтары туралы баяндап, Атырау облысында кәсіпкерлер санының қарқынды өсуін атап өтті.

Жиынның басты мақсаты – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімді жұмысымен байланысты. Өткен жылы облыста үйлестіру кеңсесінің шешімімен 89 жаңа жоба қабылданса, биыл жобалар саны 172-ге жеткен. Осыған орай, өңірде 811 жаңа жұмыс орны құрылды.

photo5217461142752962696

Бүгінде жергілікті әкімдік ауыл кәсіпкерлеріне де қолдау білдіріп, жергілікті бюджеттен шағын несиелер үшін қаражат бөліп отыр.

«Жергілікті бюджеттен облыс әкімінің тікелей бастамасымен шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға 600 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі жиын Атырау облысындағы кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін береді деген үміттеміз»,-дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиева.

Айта кетсек, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалар саны өткен жылмен салыстырғанда 93%- ға өскен.

photo5217461142752962695

Айдос Қарабала

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз