Бизнесті қолдау мөлшері 7 миллиард теңгеге ұлғайтылды (+ВИДЕО)

200403103434a3633174d БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиев айтты.

«Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі, ол экономикалық өсім мен жұмыс орындарының маңызды көзі саналады. Біздің бағалауымызша жалпы ішкі өнім құрылымындағы шағын жəне орта бизнестің үлесі 29,5 пайызды құрайды. Бұл секторда 3 млн-нан астам адам жұмыс істейді.

Шағын жəне орта бизнесті негізгі қолдау «Бизнестің жол картасы 2025» жəне «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. 2019 жылы жəне биылғы жылы осы бағдарламалар бойынша қолдауға ие болған кредиттік портфельдің жалпы көлемі 372 млрд теңгені құрап, 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды», – деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, елімізде төтенше жағдай енгізілуі аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар топтамасы әзірленген. Бұл жұмыс ауқымында жоғарыда аталған екі бағдарлама бойынша түпкілікті заемшы үшін сыйақы мөлшерлемесі сәйкестендірілді.

«Енді аталған бағдарламалар бойынша кредит құны 6 пайыздан аспайтын болады. Бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін «Бизнестің жол картасы 2025« бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің кез келген субъектісі бағдарламаға қатысушы бола алатындығын және жеңілдетілген қаржыландыру алатындығын білдіреді. Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, айналым қаражатын қаржылай толықтыру айтарлықтай кеңейтілді.

Бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыру 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және жаңартылып отырады. Бұл ретте сауда қызметіндегі субъектілер үшін айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңгеге дейін жетеді. Кепілдендіру құралы бойынша кредит сомасы 1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Кепіл көлемі 50 пайыздан аспайтын болады. Бұл ретте 360 млн теңгеге дейінгі кредиттер займ сомасының 85 пайызына дейін кепілмен жабылады»,- деді Жасұлан Мəдиев.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/zhaңa-zhoba-zhylyojlyқ-zhastar-қamkөңil-zhandarғa-baspana-syjlajdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз