Біздің міндетіміз – лайықты үміткерді таңдау

5D92F1A9 F9A6 40C6 B850 625BF90BBEBE w1200 r1 s Жаңалықтар

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Атырау облыстық кәсіподақтар  бірлестігінің төрағасы  Ізтұрған Баймұқанов Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауының тағайындалуына байланысты, өз пікірімен бөлісті.

«Тәуелсіз Қазақстанды отыз жылдай басқарып, елі мен халқы үшін адал қызмет ету үлгісін көрсеткен, Қазақстанның  әлемдік аренада танылуына өлшеусіз үлес қосқан сарабдал саясаткер, кемеңгер тарихи тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың  19 наурызда өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да біз түсіністікпен қабылдадық.

file 1532431299 709772628

   Енді міне, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеуін жариялап, алдағы 9 маусымда  елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігін мәлімдеді. Бұл өте орынды, әрі тарихи дұрыс шешім болды. Ата Заң талаптарын негізге алған Мемлекет басшысының осынау жауапты қадамды Тұңғыш Президент – Елбасымен, Сенат және Мәжіліс төрағаларымен, саяси партиялардың жетекшілерімен алдына ала ақылдасып қабылдағаны көңілге қонады. Өйткені, «Келісіп пішкен тонның келте болмайтыны» белгілі.

   Алдағы Президент сайлауының  демократиялық принциптерді сақтай отырып, ашық, таза және әділ өтетіндігіне сенеміз. Ынтымақ, бірлігі жарасқан, саяси тұрақтылық қалыптасқан мемлекетіміз, оның рухы мықты халқы бұл сындарлы сыннан да ойдағыдай өтеді, лайықты үміткерге өз таңдауын жасайды деген үміттеміз» деді спикер.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз