«Біз сақтандырылғанбыз!»

Жаңалықтар Медицина ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/28 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласындағы «Baizaar» сауда ойын-сауық орталығында 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, тарату мақсатында өткен флешмоб осылай деп аталды.  

Флешмоб барысында аталмыш орталыққа келушілерге әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы кеңінен түсінік беріліп, жарнамалық бетшелер таратылды. Шараны ұйымдастыруда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен қатар, Атырау жоғары медициналық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Бахитова мен колледждің оқу бөлімінің меңгерушісі Г.Әбілова ерекше үлес қосты.

Сондай-ақ, Бүкіл Қазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы бірлестігі республикалық қауымдастығының Атырау облыстық филиалының директоры А.Хабдулмажит пен оның жасөспірім шәкірттері өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір тұрғын аталмыш сақтандыру жүйесі іске қосылғанға дейін өз санаттарын анықтауы маңызды. Мәртебесі анықталмаған азаматтар МӘМС жүйесі арқылы тегін медициналық көмекті ала алмайды. Сондықтан, халық арасында мұндай ақпараттандыру шараларын кеңінен өткізу жұмыстары жалғасуда.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *