Atr.kz/30 қаңтар, 2019 жыл. 2020 жылы Үкімет 11 мың аз қамтылған отбасыға мемлекет қаражатынан пәтер беріледі, ал екі мың пәтер – демеушілер есебінен беріледі.
Бұл туралы Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
«Басты мәселе – қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Былтыр Қазақстан тарихында алғаш рет 13 миллион шаршы метр тұрғын үй берілді. Яғни 95 мың отандасымыз баспаналы болды«, – деді Сапарбаев.
Оның айтуынша, Үкімет аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында жұмыстар жүргізіп жатыр. «Былтыр аз қамтылған отбасыларға 11 мың пәтер берілді. Оның ішінде екі мың пәтер – демеушілер есебінен. Қазір біз 2020 жылы осы көрсеткішті ұлғайтып, 11 мың пәтер – мемлекеттік бюджеттен және екі мың пәтер – демеушілер есебінен беруді көздеп отырмыз«, – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Дереккөз: http://tengrinews.kz