Биыл Атыраудағы 220 шақырым жолға асфальт төселеді

IMG 20180116 WA0014 e1516107617381 Жаңалықтар

16 қаңтар. 2018 жылы Атырауда 220 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20180116-WA0014

2016  жылы қала мен оның маңындағы ауылдардың көшелеріне 96  шақырым жол салынса,  2017  жылы жол құрылысы қарқын алды. Өткен жылдың 12  айында жалпы ұзындығы 267 шақырым 330  көше асфальтталған.

2018 жылы жасалатын жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Жоспар бойынша қала мен маңындағы ауылдардың 207  көшесіне асфальт төселеді. Автокөлік жолының жалпы ұзындығы 220  шақырымды құрап отыр.

IMG-20180116-WA0013

«Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов атыраулықтарды жол құрылысын бақылауда ұстауға шақырды. Яғни, жол құрылысындағы келеңсіздіктерге куә болған қала тұрғындары Telegram қосымшасындағы «Атырау облыстық әкімдігі» чат-арнасына немесе «Атырау Цифрлық қабылдау» қосымшасы  арқылы хабарлай алады»,-дейді Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ биыл қала мен селолық округтер аумағындағы 19800 текше метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Тиісінше, 2018  жылы Атыраудағы 184  көшеге 178 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу үшін ЖСҚ жасауға 25  млн. теңге бөлініпті.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз