Биыл 30 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады

WhatsApp Image 2018 11 12 at 15.37.29 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі әлеуметтік нысандар құрылысының басым бағыттарын атап өтті.

WhatsApp Image 2018-11-12 at 15.37.29

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Өңір басшысы «Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылдың 9 айындағы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбында сөз сөйледі.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Атырау облысында 13 нысан пайдалануға берілді: 724 орынды 2 мектеп, 1000 орынды 5 балабақша, 600 орынды 2 мәдениет үйі, 1 денсаулық сақтау нысаны, 480 орынды 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 100 орынды 1 жатақхана.

– Жыл соңына дейін жалпы алғанда 30 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Олар: 1244 орынды 6 мектеп, 1960 орынды 10 балабақша, 700 орынды 3 мәдениет үйі, 4 денсаулық сақтау нысаны, 70 орындық 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, қаладан шығатын жолдарда 4 стационарлық көлік полиция бекеті және мамандандырылған ХҚКО, – деді Нұрлан Ноғаев.

Атырау облысының әкімі айтып өткендей, келесі жылы 28 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады: 3264 орынды 7 мектеп, 850 орынды 3 балабақша, 1200 орынды 5 мәдениет үйі, 3 денсаулық сақтау нысаны, 123 орынды 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 450 орынды 3 жатақхана, 1 колледж, 1 лицей, оқушылар мен жастар сарайы, Құлсары қаласындағы кітапхана мен мұражай.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыру жұмыстары Атырау облысында бекітілген кесте бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.

Жалпы, 127 маңызды іс-шара өткізу жоспарлануда, оның ішінде: 5 халықаралық, 2 республикалық, 75 облыстық, 45 қалалық және аудандық ауқымдағы іс-шара бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз