Бірлік бар жерде…

Жаңалықтар Тұлға

Atr.kz/29 қараша, 2019 жыл. Бүгінгі баға жетпес байлығымыз – бірлік десек, оның ұшар шыңында Елбасы жүргізген саясаттың сара жолдары жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанға Тұңғыш Президент болып сайланған күннен бастап, көпұлтты мемлекетімізде татулық мәселесін бірінші кезекке қоя білді. Сондықтан да, 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасының төл туындысы.

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ

Б ү к і л қ а з а қ с т а н д ы қ бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы зор. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл институтты құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтса, 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Жарлығы шықты.

Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы идеясымен тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген тың құрылымның бірі, егемендіктің елең-алаңында өмірге келген бірегей институт. Содан бергі уақыт аралығында ө з і н і ң ө м і р ш е ң д і г і н дәлелдеп, еліміздегі басты құрылымның біріне айнала білді.

Ал, бүгінде Ассамблея – тыныштығымыздың тірегі, 130-дан астам ұлт пен ұлысты бір мақсатқа ұйыстырған іргелі институт. Қазақстан әлемнің барлық мемлекетімен қарымқатынасты реттестіріп, шекарасын айқындап, экономикалық жағдайын түзеп, әлеуметтің әлеуетін арттырды.

Әрине, мұның барлығы, ең алдымен ауызбіршілікті нығайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі деп білеміз. Жұмысының басты бағыты бірлік идеясы, ұлтаралық келісімге негізделген Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы да аймақта тұрақтылықты дамытуға зор үлес қосуда. Өңірдегі ұлт пен ұлыс өкілдері 20 этномәдени бірлестікке топтастырылған. Олар қоғамның белсенді мүшесі ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениет пен өнердің, ұлттық салт-дәстүрдің өркен жаюына атсалысып келеді.

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ»

Ассамблея қолға алған ізгілікті шаралардың бірі – «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы. Қоғамда мейірімділікті, гу
манизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған.

Бұл орайда «Балаларға күлкі сыйлайық», « П о м о г и б л и ж н е м у » , «Қамқор», «Подари детям радость», «Подари теплоту сердец», «Тегін такси», жаппай қайырымдылық велошеруі, «Дари тепло» және өзге де акциялар ұйымдастырылып жүр. «Қайырымдылық керуені» акциясын іске асыру бағытында өңірімізде өткен жылдың өзінде 80-нен астам ізгілікті шара қолға алынып 4900 адамға көмек берілсе, биылғы жылдың тоғыз айында 47 шара өтіп, 2373 адам қамтылған.

Сондай-ақ, соңғы үш жыл аралығында жүзеге асқан 4000-нан астам әлеуметтік-қамқорлық ісшараларында 265 000 адам қамтылды. Ал, биылғы басты жаңалықтарының бірі ретінде «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу», «Тоқымқағар», «Ерулік» акцияларын атап айтуға болады. Сонымен қатар, «Достық үйі» ғимаратында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен Атырау облыстық сотының бірлескен «Отбасы және татуласу» орталығы ашылды.

Жаңадан іске қосылатын орталықтың мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды шешу және татуластыру, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау. Аталған орталықта этномәдени бірлестіктер өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар, қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орталықтарының өкілдері қызмет атқаруда.

Түйін

Иә, мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. «Ассамблеяның миссиясы ХХІ ғасырда кеңейе түседі» деген Елбасының сөзі де ақиқатқа айналды. Бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі бірлік пен берекені нығайту жолындағы игі істердің басы-қасынан табыла бермек. Әлемді таңдантқан «қазақстандық бейбітшілік пен келісім формуласының» қарапайым кілті де осында. Ол – бүкіл халықты ел игілігі жолында ортақ мүдде мен мақсатқа біріктіру.

Этномәдени орталықтардағы клубтар, орталықтар, үйірмелер саны 26-ға жетті. Аймақта көп жылдан бері «Жексенбілік мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында алты жексенбілік мектеп («Тхоньиль», «Татулық», «Былина», «Таврос», «Ахыска», «Иверия») жұмыс істейді. Әрбір жексенбілік мектепте 15 адамға дейін (жалпы алғанда 100 адамға жуық) оқушылар тобы бар.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Гүлсина БАЙКЕНОВА,

«Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі жетекшісі:

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!»

– Бұл өмірде адамдардың татулығынан қымбат нәрсе жоқтығын балаларымның құлағына құйып келемін. Қазақтар «Ырыс алды – ынтымақ», «Тату үйге тақсірет жоламайды» деп бекер айтпаған. Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! Береке мен бірлікке, қуаныш пен салтанатқа толы үй қай кезде де қымбат болатыны даусыз. Алыс жолға шықсам, туған елім – Қазақстанға тезірек жетуге асығамын. Сондықтан, біз тұтас халық болып осы қоғамдық институттың қорын байытып, тәжірибемізді одан әрі тереңдете түсуге тиіспіз. Өйткені, бірлігі жарасқан елдің ғана озатынын қазақстандық тәжірибе дәлелдеп отыр.

Зелимхан ЗУБАРИЕВ,

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасы:

«Тарихы, тағдыры ортақ халықпыз»

– Біз бүгінде ортақ тарихы, ортақ тағдыры бар біртұтас халыққа айналдық. Сондықтан, мейлі орыс, мейлі шешен, мейлі өзбек болсын, осы туған жерін жан-тәнімен жақсы көріп, елінің патриоты болуға асықса, ортақ мақсаттарымыз да орындалады. Аллаға шүкір, біздің ата-тегіміздің алтыншы ұрпағы жалғасуда. Бұл ең алдымен, қазақтың қонақжайлылық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттерінің арқасында болса, екіншіден, бізді бір шаңырақ астына біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының нәтижесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *