#Birgemiz#: Атыраулық кәсіпкер 45 отбасына азық-түлік таратты

orrshhoshhg Жаңалықтар

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. «Birgemiz» қайырымдылық акциясына «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әділ Жұбанов та қатысты.

Ол Махамбет ауданындағы Сарайшық, Бейбарыс, Сарытоғай ауылдық округтерінде тұратын 45 отбасына азық-түлік жиынтығын жеткізіп берді.

«Қайырымдылық көрсету – халқымызға тән ізгілікті іс. Бұл – бір жағынан ауылдастарымызға қиын сәтте қолдау білдіру, екіншіден кейінгі ұрпақты мейірімді болуға, ұлтқа қызмет етуге тәрбиелеу. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін округ әкімдері арқылы алып, оларға азық-түлік себетін жеткізіп бердік», – дейді кәсіпкер Әділ Жұбанов.

Кәсіпкер ұсынған азық-түлік себетінде ұн, қант, макарон, күнбағыс майы, ет консервілері секілді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері бар.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

shhoshhgshshhg
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblysy-bojynsha-109-senim-telefonyna-10-my%d2%a3-%d2%9bo%d2%a3yrau-kelip-t%d2%afsti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз