Баж салығы төмендейді

08ac9d6c29ccf86f4f61d8442ceee74a resize w 520 h Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап Кеден Одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді.

08ac9d6c29ccf86f4f61d8442ceee74a_resize_w_520_h_

Еуразия экономикалық комиссиясының сайтында баяндалғандай, енді жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17 пайыз жарна төлеу міндеттеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23 пайызды құраған еді. Ал, 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22 пайыз болады. Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы 15 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

Салықтың жаңа жарналары Еуразия экономикалық одақ аумағына түгел тарайды. ЕАЭО кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа да тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз