БАТЫРЛАР: Атырауда инфекциондық стационарда 60 медициналық қызметкер апта бойы жұмыс істеуде (+ВИДЕО)

911 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/2 сәуір, 2020 жыл. Медициналық қызметкерлер  күн сайын Cоvid-19 індетін жұқтырған науқастарды  емдеп,  оларға қажетті күтім көрсетеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиеваның айтуынша, медициналық қызметкерлер арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, еден жуушылар мен ағаш ұстасы бар. 27 наурыздан бастап 60 медициналық қызметкер ауруханада қызмет етуде.

– Біз әзірге инфекциялық  стационардан шыға алмаймыз, өйткені дертке шалдыққандармен  тығыз байланыста жұмыс істейміз. Індеттің алғашқы оқиғасынан біз осында болып, туыстрымызбен  телефон арқылы байланыстамыз, – деді Надя Ерғалиева.

Еске сала кетейік, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында  Covid-19 індетін жұқтырған 18 науқас   емделуде.

https://www.youtube.com/watch?v=cPqCriZ0mks&feature=youtu.be
http://atr.kz/bez-rubriki/koronaviruspen-k%d2%afresip-zhat%d2%9ban-atyrauly%d2%9b-d%d3%99rigerlerdi%d2%a3-al%d2%93ash%d2%9by-videosy-pajda-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз