Батыр боздақ сүйегі өз Отанына оралды (+ФОТО)

IMG 20190605 100227 1 Жаңалықтар

Atr.kz/5 маусым, 2019 жыл. Бүгін Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында Ресейден сүйегі әкелінген жауынгер Бисенғали Малдыбаевты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жуырда Украина жерінен ағасының да сүйегі табылған екен.

Ол – жастық кездері сұрапыл сұм соғысқа тап келген бір үйдегі үш ұлдың бірі болатын. Өз еркімен қанды қырғын болып жатқан майдан даласына аттанған азамат сол кеткеннен қайтып келмеген. Сөйтіп, анасы Жәміштің баласын бауырына абсам деген соңғы үміті ақыры ақталмады. Міне, бұл бір ғана тағдырдың тәлкегі. Ал, осындай ортаға оралмаған боздақтар қаншама? Тарихтың ашылмаған тұсы көп, соны зерделеп зерттеу – бүгінгі ұрпақтың маңызды міндеті екенін атап көрсетті өз сөзінде аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Бұдан кейін осындағы Батыс өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров және батырдың туыстары атынан оның жиені Эммат Ғұмаров сөз алып, «Ұлы Георгий» іздестіру ұйымына алғыстарын айтты. Айта кетейік, енді жауынгер Малдыбаевтың сүйегі өз атамекені – Исатай ауданындағы Х.Ерғалиев ауылына жерленбек.

(Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыздар)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттер автордікі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз