Батыр рухына тағзым

IMG 20161101 WA0018 Жаңалықтар

Қазақ халқы талай қиын кезеңдерді басынан кешірді. Елін, жерін қорғап, азаттығы үшін сын сағаттарда айқасқа түскен қазақ ерлері аз болмады. Елім деп еңіреді, жерім деп тебіренді.

img-20161101-wa0018

Бүгінгі бейбіт заман ұрпақтарының ендігі міндеті – ұлыларын ұлықтап, асылын ардақап, ер есімін әрдайым биікте ұстау. Осы мақсатта Атырау қаласының Ақжар ауылындағы С.Датов атындағы № 26 атындағы орта мектептің  мұғалімдері, ата-аналары және оқушылары  Қаройда жерленген ақын, батыр, аруақты ер Махамбет Өтемісұлының мазарына барып, дұға бағыштады.

img-20161101-wa0011

Мазар 1995 жылы салынып, 2003 жылы арнайы жөндеуден өткен. Қазіргі таңда мемлекет қамқорлығына алынған.  Мазар ішінде Махамбеттің ескерткіші салынып, әшекейлі тастармен өрнектелген. Қабырғаларында ақынның ел аузында қанатты сөзге айналған  өлең шумақтары жазылған. Мазарға келген мектеп мұғалімдері батырдың өмірі жайында сыр шертіп, оқушылар жалынды өлең-жырларын жатқа айтты.

Руслан САРБАЛИН,

С. Датов атындағы № 26 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз