Бастауыш сынып жаңаша оқи бастады

Ұлт жоспары міндет пен меж Білім

Биылдан бастап еліміздегі барлық мектептердегі 1-сынып оқушылары жаңартылған жүйеге көшті. Олар үшін бес күндік оқу аптасы енгізілді. Осыған орай, мұғалімдер де жаңартылған бағдарламалар бойынша білім алды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Орал Ташмұханова бізбен әңгімесінде 1-сынып мұғалімдерінің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6

Классикалық білім үлгісі жаңартылып отыр

Орал Матжанқызы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасақталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындаған басты тапсырмалардың біріелімізде жаңаша білім беру жүйесін қалыптастыру. Биылдан бастап енгізіліп жатқан жаңа бағдарламаның нақты мақсатын айтып өтсеңіз.

– Иә, бұл бағытта Ұлт жоспарындағы 76-қадамның маңыздылығы айрықша. Осы орайда, елімізде 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет басшысының Жолдауында «Барлық әлем сияқты Қазақстан да, жаңа білім беру әдістеріне көшуі керек» деген нақты тапсырма бар. Демек, бұл – заман талабына сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыратын өзекті бағдарлама.

1-сыныпқа арналған жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде республика бойынша 30 пилоттық мектепте сынақтан өтті. Олардың қатарында Атырау қаласындағы №17 мектеп-лицей және Исатай ауданындағы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп бар.

Бүгінгі бала – еліміздің ертеңгі маманы. Ол – ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті, әрі табысты болуы үшін еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Біздің балаларға үйретіп жүргеніміздің барлығы, атап айтқанда, оқу-жазу дағдылары, математика, қаржы, мәдениет және азаматтық сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бәрі де күнделікті тұрмыстың қарапайым мәселелерін шешуге ғана мүмкіндік береді. Өзгермелі өмір адамның күрделі тапсырмаларды орындай білуін талап етеді. Мұндай қабілет қалыптастыру үшін оқушыларға классикалық білім берумен қатар, сыни, шығармашылық ойлауға, топ ішінде жұмыс жасауға баулу керек.

Балаларға білімқұмарлық, ынталылық, табандылық, көшбасшылық сияқты қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени сапаларды сіңіру қажет. Осының барлығы классикалық білім үлгісімен бірге, жаңартылған орта білім мазмұнына еніп отыр.

 

Кері байланыс немесе «критериялық бағалау»

– Жаңартылған бағдарламаны іске қосудың негізгі аспектілері қандай?

– Ең маңызды аспекті – «критериялық бағалау жүйесін» енгізу. Бұл – оқушылардың жан-жақты дамуына және жеке тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Яғни, алдын ала бағалау критерийлері беріліп, оқушыға сол деңгейге жету мақсаты қойылады. Ал, мұғалімге күнделікті сабақ үрдісінде оқушының барлық іс-әрекетін саралауға мүмкіндік береді. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнайды.

Жаңартылған оқу бағдарламасы бағытында пән мазмұнының шиыршық әдісімен берілуі, яғни сынып өскен сайын күрделенуі, Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы, білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі, бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі сынды ерекшеліктер бар.

 

Ағылшын тілін оқытудың әдістемесі енгізіледі

– Ал, енді бұл бағдарламаны педагог кадрлардың меңгеруіне келсек. Жаңа жүйе бойынша білім беруге мұғалімдеріміз қаншалықты дайын?

– Бұл бағытта педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізілді. «Өрлеу» филиалдарында наурыз айынан бастап бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары, жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша форматта өтті. Курстар тілдер бойынша (қазақ, орыс, ағылшын – ред.) – 160, негізгі пәндер бойынша – 120, музыка және бейнелеу пәндері бойынша – 40 сағаттық бағдарлама негізінде ұйымдастырылды.

Осы алты санат бойынша облысымыздың 1413 бастауыш сынып мұғалімдері жаңа курстан өтті. Курс кезінде мұғалімдер жаңалықты зор ынтамен қабылдап, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгеріп, бағдарламаның ерекшеліктерімен танысты.

– Қазіргі таңда үш тілді оқыту жүйесі көптің талқысына түсті. Сіздің ойыңызша, бұған дейін шет тілін білмеген педагогтар бұл жүйені қысқа мерзімдік курстар арқылы толық меңгеріп кете алады ма?

– Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі сияқты, ағылшын тілін оқытудың да заманауи әдістемесі енгізіледі. Әдістеме коммуникативті оқытуға көшуді білдіреді. Бұл әдістеме бастауыш білімнің жаңартылған мазмұнына енген және биылғы оқу жылынан 1-сыныпта оқытыла бастады. Жаңа әдістеме бойынша жасалған оқулықтар дайын, ағылшын тілі мұғалімдері де қажетті оқудан өтті.

Қазақстан Республикасында білім жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерді орындау жолында институт қызметкерлері кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін жетілдіре түсуге үлес қоса бермек.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

– 2017 жылдан бастап, ағылшын тілін оқыту әдістемесін екінші, бесінші және жетінші сыныптарға ендіру жоспарлануда. Осыған орай, ағылшын тілі мұғалімдері арнайы курстан өтеді.

– Ағылшын тілі пәні мұғалімдерін және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді қайта даярлауға, Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 10 мың орын бөледі.

– Тілдік біліктілікті арттыру курсы ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қарай, 1 айдан 5 айға дейін өткізіледі. Барлық облыс орталықтарында тілдік орталықтар ашылады. 2019 жылдан бастап, 10 және 11-сыныптарды техникалық және медициналық мамандықтарды (Назарбаев университеті, КІМЕР, ҚБТУ ұстанымдары бойынша) ағылшын тілінде оқытуға көшетін қазақстандық жоғары оқу орындарына түсуге дайындай бастайды.

– 2019 жылдан бастап, төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту 10-11-сыныптарда енгізіледі, 1-9 сыныптарда оқыту жүйесі өзгермейді.

 

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз