Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі

76cc86bc87e620a1363d6278af52c14a XL Жаңалықтар

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ­­­­- қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың ұлттық бірыңғай операторы.

hKA52FUf

Аталған банктың  Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Ренат Құсмановтың айтуынша, қазіргі уақытта  елімізде «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасауда. Осы бағдарламаға қатысып, баспана сатып алуға қарыз ақша алу үшін банк салымшылары алдымен «SolarA.kz», «Батыс-КаспийМонтажҚұрылыс», «Модерн строй» ЖШС сияқты құрылыс компанияларының бірінің сатылым бөліміне жүгінуі тиіс. Сол арқылы бос тұрған пәтерлер мен олардың құны, жалпы ауданы жайлы ақпарат алады. Содан соң ғана салымшы банкке келіп, қарыз алу жөнінде  өтінішін қалдырады. Мұнда банк салымшысының ұсынылып отырған баспана құнының 50 пайызына тең бастапқы жарнаны жинаған жағдайда ғана, қалған соманы  7 пайыздық жылдық қайтарым мөлшерлемесімен алу мүмкіндігі бар. Ал, берілетін 1 шаршы метр тұрғын алаңның бағасы 220 мың теңгеден бас-талады.

– Компаниямыз «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамымен ынтымақтастықта жұмыс жасағалы бергі санаулы жылдардың ішінде Атырау облысында 420-дан астам азамат баспаналы болуға қол жеткізіп отыр. Біздің ұстанған басты бағытымыз – банкпен және салымшымен арада жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес, жоспарланған нысан құрылысын белгіленген мерзімінде, сапалы аяқтау. Тек сонда ғана тұрғын үй алуға ниетті азаматтардың сенімін иеленіп, жұмыс қарқынын арттыра түсуге мүмкіндік туады. Осы тұрғыда серіктестерімізбен берік байланыс орнаттық. Соның нәтижесінде құрылыс нарығындағы лайықты орнымызды алып келеміз. Біз жақында 25 пәтерлік тұрғын алаңды пайдалануға беруді жоспарладық,- дейді мердігер мекемелердің бірі «SolarA.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Бауыржан Жолмұханов.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз