Бас полицей Ерлан Тұрғымбаев: Колониялар тәулігіне 50 мың маска тігеді

novyj tseh ik 11 1 Жаңалықтар

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. «Бұл маскалар қазақстандық полицейлерді қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету үшін тігілуде» делінген ҚР Ішкі істер министрлігі таратқан баспасөз-хабарламасында.


Ведомствоның жедел штабының отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік базасын пайдалану қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі комитенің «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қорғау бұйымдарының үлгілерін дайындады, тиісті сертификат алынды. Стандартқа сәйкес, бұйым материалы гипоаллергенді болып табылады, шаңнан қорғау қасиеттеріне ие және инфекциялық аурулардың тәуекелдерін азайтады.

«Қазір барлық жеке құрам ерекше жұмыс режимінде жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста карантиндік іс-шараларға қатысады. Күн сайын жасаққа 12 мың полицей және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түседі және біз үшін олардың әрқайсысының денсаулығы маңызды.

Мен түзеу мекемелерінің тігін цехтарында басқа өнімдермен қатар қорғаныс маскаларын дайындауды тапсырдым. Бұл бір жағынан осындай бұйымдарға деген сұранысты қамтамасыз етеді, екіншіден – біз сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етеміз, мұның да маңызы бар», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.


Еске сала кетелік, бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік алаңдарында мыңнан астам тігін станоктары жұмыс істейді. Министрдің айтуынша, қорғаныш бетперделерінің бірінші партиясы бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус пандемиясына шалдыққандар саны 53 адамға жетті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-haly%d2%9baraly%d2%9b-%d3%99uezhajyna-haly%d2%9b-%d2%9ba%d2%bbarmany-hiuaz-dospanovany%d2%a3-esimi-berildi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз