Бас мүфти дүнген отбасына көңіл айтты

48a7079 Жаңалықтар

Atr.kz/18 ақпан, 2020 жыл.  Жамбыл облысына арнайы барған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданы, Сортөбе елдімекенінде қайтыс болған Рамазан Харсановтың үйіне арнайы барды.

 Әлі де абыр-сабыр күй кешіп отырған әулетке басу айтып, сабырға шақырды.

«Мұсылманның  мұсылман алдындағы  міндеттері бірі – бауырына мейірімді болу. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. Адамның бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады» деген. Міне, біз де соған сай амал етуіміз керек»  деді Бас мүфти қара жамылған отбасыға көңіл айта барып.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы осы сапарында Сортөбе елдімекенінде тұратын дүнген ұлтының өкілдерімен де кездесіп, бірлік, татулық турасында уағыз айтты.

9f4b9b21 cb89 427d 9585 94523ce98dd2
7a33436c 77b9 4032 bf31 7ccda48d5be5
http://atr.kz/bez-rubriki/d%D2%AFngender-%D2%B1jymyny%D2%A3-basshysy-%D2%9Bordaj-turaly-m%D2%B1ny-istegen-%D2%9Baza%D2%9Btar-emes/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз