Бас имам Батыржан Мансұров мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек берді (+ФОТО +ВИДЕО)

1789 10 Жаңалықтар

Atr.kz/19 мамыр, 2019 жыл «Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен әлеуметтік жағдайы өте төмен бірнеше отбасыға қаржылай көмек көрсетілді» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.

 Қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылған ізгі істі Бас имам Батыржан Мансұровтың өзі бастап, мұқтаж жандардың әрқайсына 30 мың теңге көлеміндегі қаражатты өз қолымен табыстады.

«Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да, əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын берсе, бұл – сауапты қадам» дейді Бас имам.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=Wm0FiucaKVk
1789 2
1789 4
1789 7
1789 11
1789 3
1789 9

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз