Балабақшада құлап, көз жұмды

  20 маусымда Қызылқоға ауданының Миялы ауылындағы балабақшада оқыс жағдай орын алды: үш жасар бүлдіршін балабақшаның екі қабатты ғимаратының ішкі баспалдағынан құлап, басынан ауыр жарақат алған.    Сәби аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер ота жасады. Алайда, 23 маусымда сәби көз жұмды. – Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 141-бабы («Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау») бойынша іс қозғалды, – деп хабарлады Қызылқоға АІІБ тергеушісі Дархан БОЛЖАНОВ. – Сотқа дейінгі тексеру-тергеу шаралары жүргізілуде.

Дерек көзі: azh.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз