Бала саулығына бей-жай қарама!

grudnichok na krovati1 Жаңалықтар

Atr.kz/13 желтоқсан, 2019 жыл. Бала – біздің болашағымыз. Оларға жақсы тəрбие берумен қатар, денсаулығына да баса назар аударуымыз қажет.

Ол үшін білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң есте ұстаған да жөн.

Әрбір ата-ана баланың сабақта партаның немесе компьютердің алдында түзу отыру қажеттгін үнемі айтқан жөн. Ауыр жүк көтертпей, мектеп сөмкесінің салмағына да баса мән беру керек. Күн сайынғы оқу жиынының салмағы 1-3 сыныптардың білім алушылары үшін – 1,5-2, 4-5 сыныптағыларға – 2-2,5, 6-7 сынып оқушыларына – 3-3,5, ал, 8-11(12) сыныптардың білім алушыларына 4-4,5 килограмнан аспауы тиіс. Баланың жасына сай бір жақ иығына емес, арқасына іліп жүретін сөмке алу маңызды. Бұдан басқа, сабақ оқитын үстелі мен орындығы бойына сәйкес келуі тиістігін, үстелдің арқасы омыртқа жотасының табиғи иілулерін дұрыс қайталауын қадағалаңыз.

Сондай-ақ, баланың ішетін тамағы дәрумендер мен минералды заттарға бай болуы қажеттігіне тоқталды. Яғни, кальций мен фосфор, «С» және «Д» дәрумендері мол азық-түліктер, сүттен жасалған тағамдар, балық, көкөністер және жеміс-жидектер жеуі керек. Сонымен қатар, оқушыларға таңертеңгілік және сабақ кезінде дене жаттығуларын жасауды әдетке айналдыру керек.

Асылхан БАЗАРОВА,

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің білім беру және тамақтану объектілеріндегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз