«Бұл мақаланы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалың қазаққа Үндеуі деп қабылдауымыз керек» дейді профессор Қадыр Жүсіп

photo 222875 Жаңалықтар

Atr.kz/9 қаңтар, 2020 жыл.  Ғалымның пікірінше, біз бұл датаны мерейтой деп қана қабылдамауымыз керек.

«Бүгінгі таңда әлем таныған, әлемді мойындатқан Абайдың 175 жылдық атаулы датасы Қазақстанның шеңберінен шығып, халықаралық деңгейдегі іс-шараға айналып отыр. Қалай десек те, Абайды тану – өзіміз үшін, өзіміздің рухани тұрғыда дамуымыз үшін керек.

Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде  тарихымыздағы орны әлі де тереңдетуді қажет етеді. Сонымен бірге, ғылыми интелигенция арасында Абай әлемнің бесінші ұстазы деген де пікір бар. Ендеше, бір өзі бірегей құбылыс ретінде бағаланған Абайды жас ұрпақ санасына сіңіре түсуіміз керек. Яғни, Абайдың шығармашылығы енді тереңдеп оқытылуы тиіс.

zhүsip

Ащы ақиқат бар, ХХ ғасыр Абай үшін өте ауырлау ғасыр болды. Себебі, ХХ ғасыр басынан бастап, Абайдың шығармашылығына билік көзқарасы нашар болды, қатты қыспаққа ұшырады.

«Оның өлеңдері де, қара сөздері де кеңестік идеологияға қарсы» деген пікірлер болды. Біздің міндетіміз – Абайдың шығармашылығына тереңнен мән берсек екен. Және бұл дата өлең жаттаумен ғана шектелмесе деген пікірім бар» дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп.

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%9Basym-zhomart-to%D2%9Baevty%D2%A3-abaj-zh%D3%99ne-hhi-%D2%93asyrda%D2%93y-%D2%9Baza%D2%9Bstan-atty-ma%D2%9Balasy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз