Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма?

image 13 03 20 04 24 Жаңалықтар

Atr.kz/15 наурыз, 2020 жыл.  Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтата ма? Бұл сұраққа Сауда және интеграция министрлігі жауап берді.

«Республикада төтенше жағдай жарияланса да, азық-түлік маркеттері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді» деп хабарлады министрліктен.

Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.

Аман ШАМАР

http://atr.kz/bez-rubriki/koronavirus-қazaқstanda-telegram-bot-iske-қosyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз