Азаматтар құжаттарын Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады

photo 142000 Жаңалықтар

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

Заң жобасына депутаттар тобы бастамашы болды. Аталған заң жобасы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесінде «бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына көшу, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды үстіміздегі жылда – 80 пайызға, келесі жылы оны тағы 10 пайызға көбейту жөніндегі, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңды жаңарту қажеттігі тұрғысындағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Осы орайда Мәжіліс депутаты Майра Айсина заң жобасының негізгі тұстарына тоқталды.

«Біріншіден, бүгінгі таңда адамдар тіркелген жеріне байланғаннан кейбір қызметтерді өзіне ыңғайлы етіп алмайды. Осыған байланысты, азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық жеті түрі бойынша қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу тұрғысында түзетулер енгізіліп отыр. Бұл қағидатты енгізу арқылы азаматтың өтінішті тұрғылықты жері бойынша беруі міндетті емес. Өз қалауы бойынша Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады. Бұл бала туу, неке қию немесе оны бұзуды, адамның қайтыс болуы туралы, атын және тегін өзгертуді, асырап алуды, әке болуды анықтауды тіркеуге байланысты», – деді М. Айсина.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз