Қазақстанның қай қаласына қар түсті? (+ВИДЕО)

20151021141308 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/wZcJXBIEmWE

Аtr.kz/15 мамыр, 2019 жыл.Өскеменде мамыр айының ортасында жылбысқа қар жауды. Таңертең өңірде ауа температурасы нөлден төмендеген.

Ауа райының күрт суытып, қар жауғанына аң-таң болған жергілікті тұрғындар табиғат құбылысын фото мен видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz өңірлік порталы.

Қала тұрғындары атап өткендей, жауған қар ұзақ жатпай, бірден еріп кетіпті.

Ал, «Қазгидромет» синоптиктері өңірде күн суытып, бұршақ жауып, желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с-қа жететінін болжаған еді.

Алдағы тәулікте, метеорологтар мәліметінше, облыс орталығында күн жылына қоймайды. 16-17 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз 10-13 градус жылы болса, түнде – минус 3-5 градус.

https://youtu.be/WNvnXxWmmNA
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз