Қазақстанда көлікті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеуге болады.
«Жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ІІМ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып ауданаралық және аудандық тіркеу -емтихан бекеттерін (ТЕБ) біртіндеп қайта көшіру жұмыстарын жүргізуде», – деп жазды Ирина Лукьянина фейсбуктегі парақшасына.
Қазіргі уақытта 10 облыста 23 ТЕБ-ті аудандық ХҚКО-на орналастыру үшін дайындық шаралары жүргізілуде. Бекеттер жақын арада жұмыс істей бастайды. Бұл ХҚКО-ға келген азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алумен қатар көлікті тіркеп, жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік береді.
Хорлан СМАДИЯР