ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ ТҮНГІ АУЫСЫМДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

IMG 6797 Жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында Атыраудағы «Сарайшық» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің түңгі жәрмеңкесі болды. Бұл Қазақстанда тамақ өнімдері бойынша алғаш рет өткен түнгі жәрмеңке,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_6797

Жәрмеңкеге барлығы 150 кәсіпкер қатысты. Оның 130-ы «Сарайшық» кәсіпкерлері, ал қалған 20-сы көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер. Сондай-ақ, Махамбет, Индер ауданынан келген көкөніс сатушылары өз өнімдерін халыққа ұсынды.

IMG_6800

Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алтынай Сәрсенқызының айтуынша, жәрмеңкедегі өнімдер қазіргі базар нарығынан 20-30 пайызға арзан бағамен сатылып жатыр. Әдетте ет 1500 теңге болса, бүгінгі баға 1300-1350-ге түскен, қазыға 2000, жұмыртқаға 19 теңге бағасы қойылды. Ал, алғашқы 45 минутта сатылған 5 тонна картоп сауданы қыздыра түсті.

IMG_6799

«Бүгінгі жәрмеңкеде әр кәсіпкер әртүрлі жеңілдіктер жасап жатыр. Сол үшін бұл жәрмеңкенің өткізу уақыты халықтың ыңғайына қарай таңдалды. Сондай-ақ, бұл жерге жиналған көп тұрғынның барып-келуін арнайы екі маршрут қамтиды. Тұтынушыларды таситын Сарайшық базары-Авангард ықшам ауданы, Сарайшық базары-Академия аялдамасы араларын жалғайтын 6 автобус бөлінді»,-деп мәлімдеді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алтынай Сәрсенқызы.

IMG_6798

Айта кетейік, халықтың ұсынысы бойынша ертең күндіз бұл жәрмеңке өз жалғасын табады. Сондай-ақ, Жаңа жыл қарсаңында осындай жәрмеңкені өткізу жоспарлануда.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз