Қазақстан бәсекеге қабілеттігі жағынан нешінші орында?

20190529133528 Жаңалықтар

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы 2019 жылғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық мәліметінше, Қазақстан биылғы рейтингте 34-орыннан көрініп отыр. Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей бар. Рейтингтің бірінші бағанында – Сингапур, екінші орында – Гонконг, үшінші орында – АҚШ, төртінші орында – Швейцария, бесінші орында – Біріккен Араб Әмірліктері орналасқан.

Ал ең төменгі орындарға Бразилия, Хорватия, Аргентина, Моңғолия және Венесуэла жайғасқан. ТМД елдері ішінде бізден кейін Ресей 45-ші, Украина 54-орынды иеленді. Биыл зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген болатын. Еске сала кетейік, өткен жылы еліміз бұл тізімде 38-орыннан көрінген еді. IMD рейтингі бәсекеге қабілет деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің экономикалық даму деңгейін, ел үкіметінің тиімділігін, бизнес тиімділігі мен инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз