Азғыр өңірінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді

www.dalanews.kz sajtyinan Жаңалықтар

Атырау облысында 34 елді-мекен газ жүйелеріне мұқтаж. Қазіргі таңда облыста газдандыру мәселесіне жіті назар аударылып, ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр.

????????????????????????????????????
Жоспарланған ірі жобалардың бірі – Азғыр өңірі елді-мекендерін газдандыру. Ол үшін магистральдық және кентаралық жоғарғы қысымды газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Газ құбырының ұзындығы 365 шақырым, құрылыстың жалпы құны 9,8 млрд.теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асан Нұрғалиевтің мәліметінше, жоба мемлекет басшысының шекара аумағындағы ауылдарды дамытуға арналған тапсырмасына сәйкес керер жылы іске аспақ.

– Магистральды газ құбырын жүргізу аясында Қошалақ, Асан, Ұштаған, Азғыр, Сүйіндік, Балқұдық, Қоңыртерек, Батырбек, Жалғызапан елді-мекендері де көгілдір отынмен қамтылады. Жоба іске асқанда, облыстағы елді-мекен тұрғындарын газбен жабдықтау мәселесі 99% орындалатын болады, – дейді А.Нұрғалиев.

Нұрбейбіт Нұғыманов

ATPress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз