Қ.Қайненов: «Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жазуға да, оқуға да ыңғайлы»

ФОТО Қ.ҚАЙНЕНОВ Жаңалықтар

Қилымғали Қайненов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: – Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының Ақордада Мемлекет басшысының қабылдауында ұсынған нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы. Жалпы, әліпби ауыстыратын ұлт үшін екінші нұсқа қолайлы. Өйткені, диграфпен таңбаланған әліпби үлкен сынға ұшырады емес пе?!

ФОТО - Қ.ҚАЙНЕНОВ

Басты мәселе сөздерді оқыған кезде қиындық туғызады дедік. Ал,  апострофпен жазу да, оқу да оңай болмақ. Ұлттық, өзімізге тән дыбыстарымыз апостроф арқылы көрсетіледі. Соған орай жаңа нұсқада барлық дыбыстар қамтылды. Апостроф арқылы таңбаланған әліпби техникалық тұрғыдан да көп шығынды қажет етпейді.

Әрине, қоғам болғаннан соң, әрбір жаңалық жеңіл қабылдана бермейді. Көпшілігі «мына үтірлер не таңба» деп түсінбейтін де шығар. Бірақ оған үйрену соншалықты қиын емес. Әріп үстіндегі үтірлер кейде дыбыстардың жіңішкелігін көрсетеді. Мұнда дауыстылар да, дауыссыздар да апостроф арқылы берілген. Біздің ұлттық дыбысымыз деп қабылдауға әбден болады.

Тілшілер диакритикалық әліпбиді қолдайды. Бірақ, қазір интернет, цифрландыру, модернизация заманында өмір сүріп жатырмыз. Болашақ ұрпақ бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Алғаш ұсынылған әліпби бүкіл ғаламтор бағдарламасын өзгертуді талап ететіні белгілі еді. Бұл қып-қызыл шығынға ұшыратар еді. Ал, апостроф клавиатурада бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз