Аяулым Аймұрат – Атыраудағы бұрымдылар байқауының кезекті қатысушысы

Ayaulym1 e1559048742568 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/28 мамыр, 2019 жыл. Жасым – 11 де. 2008 жылы Атырау селосында дүниеге келдім. 2014 жылы Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің бірінші сыныбына аяқ бастым. Кішкентайымнан әжем шашымды өсірген. Бүгінде шашымның ұзындығы – 83 см.

Шашымды аптасына бір рет жуамын. Өйткені, жиі жуғаннан шаш соған үйір болып, шаштың құрылымы бұзылады. Ұзын шашқа ерекше күтім керек. Таңертең тұрған кезде шашты тарап, өріп немесе жоғарыға түйіп қоямын. Кез келген сусабынды да қолданбаймын. Жуып болған соң әбден шайып, сабынын кетіріп аламын. «Қазақтың қыздарының шашы үнемі ұзын болған» деп әжем айтып отырады. Өріп, шашбауын сылдырлатып жүрген. Мен де қазақтың қызымын, сол себептен де шашымды одан әрі де өсіріп, күтетін боламын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Гулнар

    Бұрымың әдемі екен қадамын құтты болсын жеңіс тілеймін бақытты бол жаным

  2. Nargiz

    Жеңіп шық