Ауылға да жағдай жасау керек…

190821125928177e Жаңалықтар

Atr.kz/21 тамыз, 2019 жыл. Ауылдарда жұмыс орындары ашылып, жағдай жасалса – халық ауылда қалары анық. «Ауыл – ел бесігі» жобасы жайлы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Өздеріңіз білетіндей, мен «Ауыл – ел бесігі» жобасын әзірлеуді тапсырдым. Тәжірибе жүзінде бұл жоба әлеуметтік инфрақұрылым жасаумен ғана шектелді де, сонымен қалды… Бұл – маңызды мәселе, бірақ жобаның басты мақсаты – ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашу, оларды ауылдарда тұрақтату. Ауылда ертең кім жұмыс істейді?

Үкімет осы мәселелермен айналысып, тиісті шараларды қолға алу керек. Қазір урбанизация жүріп жатыр. Қалаға көшті тоқтату мүмкін емес. Егер де ауылдарда нақты жұмыс орындары ашылатын болса, жағдай жасалса – қалып жатыр. Кейбір адамдар қаладан ауылға қайта көшуде», – деді Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.


«Үлкен бюджет қаражаты келешегі жоқ елді мекендерді ұстауға жұмсалады. Іс жүзінде олар тоғышарлар. Бізде 7,7 мың елді мекеннің бар екенін, оның 1,8 мыңының келешегі зор екендігін, соларға назар аудару қажеттігін айтқан болатынбыз. Біздің даламыз өте үлкен, кең. Ана төбенің түбінде бір ауыл бар, ол жерде 10 үй бар. Мынау төбенің астында 50 үйлі бір ауыл бар. Қайсысына біз жол апарамыз, қайсына мектеп, аурухана саламыз? Айтыңыздаршы, 10 үй үшін аурухана немесе мектеп салуымыз керек пе? Бұл өнімсіз», – деді Елбасы.

Осы ретте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Австралия мен Канаданың да жер көлемі үлкен екендігін еске салды.

«Біз орталық бойынша дамимыз. Бұл ешқандай жағдай жасалмайды дегенді білдірмейді. Кеше Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысы – Мамин) біз осы бағытта жұмыс істеп жатқанымызды баяндады. Оларды келешегі бар өңірлерге көшіру қажет. Ол жерлерде мектеп, аурухана салынып, жол түседі, инфрақұрылым жасалады», – деді Н.Назарбаев.

Елбасының пайымынша, бұл мемлекетке арзанға түседі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз