«Қауырт желіге» Хабарласыңыз

2e77ef57d32d9b7 size45 w620 h420 Жаңалықтар

Атырау облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Арнаулы автобаза» ЖШС-і қала тұрғындарының шағымдарына жедел әрекет ету үшін WhatsApp-тың «Қауырт желісін» ашты.

2e77ef57d32d9b7_size45_w620_h420

Атырау тұрғындары жинақталып қалған қоқыстардың фотосуреттерін, нақты қайда орналасқандығын көрсетіп, «Қауырт желіге» жібереді. Сол бойынша «Арнаулы автобаза» қызметкерлері әрекет етіп, әлеуметтік желіде тазартылған нысанның «дейінгі» және «кейінгі» суретін салуы тиіс болады.

«Қауырт желінің» қызметін облыстық әкімдік тұрақты қадағалап отырады. Азаматтардың қоқысты жинау технологиясын жақсарту, қатты тұрмыстық қалдықтардың үйінділерін анықтау және қоқыс контейнерлерін дұрыс орналастыру бағытындағы қандай ма пікір, шағымдарға сараптама жасайды.

Whatsapp қауырт желісінің нөмірі: 8701 180 2679, кәсіпорынның жасаған жұмысы Instagram-ға салынатын болады: @specavtobaza_atyrau немесе #МойАтырау хэштегі бойынша.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз