Ауыл шаруашылығы алға басуы үшін не істеу керек?

proprop 1 Жаңалықтар

Жолдау жолдарынан:

«Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын». 

пропроп

Елбасы биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс саласын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Дәлірек айтқанда, бірінші бағытының бесінші тарауында айтылған міндеттемелер бойынша Атырауда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ең бастысы, бұл – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылық өнімінің экспортын 2022 жылға 2,5 есе көбейту. Бұл бағытта, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында көп мәселе қамтылған. Айталық, облыста еңбек өнімділігін өткен жылғы 6387 мың теңгеден 2022 жылы 15890 мың теңгеге және өңделген өнім экспортын былтырғы 3,8 млн. АҚШ долларынан, 2022 жылы 9,5 млн. долларға жеткізу қарастырылған.

Сондай-ақ, Жолдауда көрсетілгеніндей, мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары іске асырылмақ. Заманауи агротехнологиялар ауқымды түрде тартылатын болады. Нәтижесінде, осы салада жұмыс жасайтын адам санын 9800-ден   8100-ге  азайту көзделуде.

Өңірде 6432 гектар егістік алқапты электрондық картаға енгізу жұмыстары жоспарланып, бүгінде бұл бағытта 7075 гектар егістік алқабы қамтылып отыр. Жайылымдық алқаптардан 8979 гектар жер электрондық картаға енгізіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жолдауда айтылған тағы бір басым міндет – ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету. Бұл үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта биыл «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде оқытуға жергілікті бюджеттен  55,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Сөйтіп, 1325 адамды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы оқыту жоспарланған. Күні бүгін мыңға жуығы оқытылып үлгерді.

Сол секілді, облыстағы ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын бес колледжде 947 студент білім алуда. Олар аталған оқу орындарында негізгі бес мамандық бойынша оқытылады. Сонымен қатар, 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімі екі есеге көбейеді.

Агроөнеркәсіп кешеніне  құйылатын инвестиция көлемі (биыл 4,7 млрд. теңге) бес жылда 1,6 есеге өсіп, 7,5 млрд. теңгені құрайтын болады. Ал, экспорттың әлеуетін арттыру бағытында балық өнімдерін өндіру көлемі 1,9 пайызға арттырылып, 2022 жылы – 12 847 тоннаға жеткізілмек. Уылдырық, терең өңделеген, құтыға және басқа да ыдысқа салынған балық өнімдерін өндіру көлемін 8,3 пайызға өсіріп, 453 тоннаға жеткізу жоспарда бар.

Гүлзада ШАЛАҒҰЛОВА,

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»

акционерлік қоғамы Атырау филиалының директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Самал

    «Рухани жангыру» бағдарламасы бойынша елбасы ауыл-ел бесігі деп аталатын 7 бағдарламаны еңгізуді талап ететін айтқан болатын. Соған орай жасалып жатырған шара деп есептеймін. Тек сәттілік!