Аула клубтары ашылады

zhastar 01 Жаңалықтар

Атырау қаласының халық көп шоғырланған ықшамаудандарында жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған арнайы 6 орталық ашылып, бүгінде өскелең ұрпақтың игілігі жолында  жұмыс жасауда.

Zhas times форум выпускников НИШ (162)

Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашылған әр орталықта кем дегенде 10 үйірме мен секциялар (сурет салу, бисермен тігу, шахмат, каратэ, домбыра, тоқыма, үстел теннисі, ағылшын тілі, жас эколог, оригами, менталды арифметика және т.б.) топтастырылған. Күні бүгінде бұл орталықтарда 4000-нан астам қатысушы бар. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, қала сыртындағы ауылдық округтерден аула клубтары ашылып, мұндай орталықтардың саны көбейе түспек.

Мәлике МӘЛІК

Жастарға  арналған  орталықтардың  мекен-жайы:

«Достық» аула клубы, Лесхоз көшесі,2;

«Бейбарыс» аула клубы, Вокзал маңы ы/а, М.Баймұханов  көшесі, 47;

«Жеті қазына» аула клубы, Жеті қазына ықшамауданы, Қаленов көшесі, 8;

«Хиуаз» аула клубы, Рембаза ықшамауданы, Ғ.Сланов көшесі, 67а;

«Денис Тен» аула клубы, С.Бейбарыс көшесі, 65а;

«Бауыржан» аула клубы, И.Тайманов көшесі, 36.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз