Атыруда ірі көлемді есірткі тәркіленді (+ВИДЕО)

25a2809559082a524eac5 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/25 ақпан, 2020 жыл. Атырауда полицейлер есірткіұйығын құрықтады. Ол қаладағы екіқабатты үйлердің бірінен табылды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы жедел әрекет ету тобы пәтерден аса ірі көлемде есірткі заттары мен қораптағы медициналық шприцтерді тәркіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=0rcAi-ed7xw&feature=youtu.be

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ұйықтан табылған сұйықтық экстрациялық апиын екендігі анықталып отыр. Тұтқынға алынғандар ҚР Қылмыстық кодексі 296 бабының 4-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.  

Өткен жылы атыраулық тәртіп сақшылары заңсыз есірткі айналымына қатысты 142 заңбұзушылық деректі анықтаған. 13 килограмнан астам есірткі тауардары тәркіленген.  

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/politsiya-n%d2%b1r-s%d2%b1ltanda-tergeu-aba%d2%9btysynda-k%d3%a9z-zh%d2%b1m%d2%93an-dulat-a%d2%93adilge-%d2%9batysty-a%d2%9bparat-berdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз