Атыраулықтар Милләт Сабырқызын ақтық сапарға шығарып салды (+ФОТО)

whatsapp image 2020 03 10 at 13.57.09 4 Жаңалықтар

Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл. Атырауда еңбек ардагері Милләт Сабырқызының  ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға ағайын-туыстары мен замандастары, қала тұрғындары және  қоғам қайраткерлері жиналды.  Қоштасу рәсіміне жиылғандардың алдында алғаш болып Атырау облысының әкімі  Махамбет Досмұхамбетов сөз сөйледі.

–    Біз бүгін ерлерден еш қалыспай, заманында елеулі еңбек еткен апамызбен қоштасып тұрмыз. Бұл қайғы атыраулықтардың  қабырғасын қайыстырған ауыр қаза болды. Өйткені, апамыздың өңірдің дамуына қосқан сүбелі үлесін жұртшылық жақсы біледі, – деді аймақ басшысы. 

Еңбек ардагері Милләт Сабырқызының  облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалын қалыптастыруда еңбегі зор.  Ол қос мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған. Құрманғазы және Жылыой аудандарының, Атырау қаласының Құрметті азаматы. 

Аман ШАМАР

whatsapp image 2020 03 10 at 14.00.28
whatsapp image 2020 03 10 at 13.57.09 1
whatsapp image 2020 03 10 at 13.57.09
whatsapp image 2020 03 10 at 13.57.09 2
whatsapp image 2020 03 10 at 13.57.09 3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз