Атыраулықтар автобуста тегін жүретіні рас па?

65964423 845441829171635 7113157739932549120 n Жаңалықтар

Atr.kz/10 наурыз, 2020 жыл. 14 наурыз – Көрісу  күнінде  Атырау қаласының тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл жағымды жаңалықты жолаушылар тасымалымен айналысатын «Аtyrau-Avtopark» ЖШС-і жариялады. «14 наурыз – біз үшін үлкен мереке. Асыл дәстүріміз барлық өңірлерге жұғысты болсын» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Бұрын еліміздің батыс өңірінде аталатын «Көрісу күні» бүгінде мереке ретінде халықтық сипат алуда. Оған «Аtyrau-Avtopark» ЖШС-і де үн қосып отыр. Қамқорлық қарекеті көптің көңілінен шығуда. Жуырда серіктестік Халықаралық әйелдер мерекесінде  де жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған болатын. Ол күні қаламыздағы  7, 14, 50, 53, 58 бағытындағы автобустар қызметін әйел адамдармен бірге, ер адамдар да тегін пайдаланды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-sirek-otalardy%d2%a3-biri-zhasaldy-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз