Атыраулық волейболшылар үздіктер қатарынан көрінді

whatsapp image 2019 10 09 at 08.47.09 1 Жаңалықтар

Atr.kz/8 қазан, 2019 жыл. 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы  ҚР 27-ші Кубогы өтті.

«Атырау» клубы тартысты ойында екінші орын иеленді.  Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында  петропавлдық «Есіл СК» командасын 3:0 көрсеткішімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен «Ұшқын-Көкшетау» командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар  Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды.  Ал Маңғыстау облысының «Маңғыстау»  командасы үздік үштікті қорытындылады. 

–  Қазіргі таңда біздің команда  алда өтетін «Суперкубок» ойынына қызу дайындалуда.  Осы ойында  ҚР кубогында көрсеткен  нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, – дейді «Атырау волейбол клубының» директоры Амандық Ғарифолла. 

Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында «Суперкубок» ойыны өтеді.  Ойында  Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген «Буревестник», «Атырау», «Маңғыстау», «Ұшқын-Көкшетау» командалары өзара бәсекеге түсетін болады. «Суперкубок» иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін  волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның  намысын қорғайтын болады.

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз