Атыраулық спортшылар жеңіспен оралды (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.12 1 Жаңалықтар

Atr.kz/17 маусым, 2019 жыл. Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау вокзалында бір топ атыраулық спортшыларды күтіп алды.

Щучинск қаласында өткен баскетболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиада ойындары өткен болатын. Төрт жылда бір рет өтетін бұл сайыста облыс құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында спортшыларымыз қола жүлдегер атанды.
Қостанай қаласында өткен муай-тайдан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, онда жерлестеріміз 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді қанжығаларына байлап, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.

WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.15
WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.11 1

Ал, Петропавл қаласында өткен Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша федерация Кубогінде Атырау облысы құрама командасы жалпы командалық есепте екінші орынға қол жеткізді.
Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев барша спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, бүгін облыс әкімі Тараз және Петропавл қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен келген 24 оқушыны күтіп алды. Оқушылар бір аптаның ішінде облысымыздағы тарихи жерлер мен нысандарды аралап, танысатын болады.

WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.11
WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.12
WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.14
WhatsApp Image 2019 06 17 at 12.21.15 1

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз