«Нұр Отан» партиясы сәбилердің тұсауын кесті

dsc 0708 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Бірінші наурыздағы Алғыс айту күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат ­– тұрмыс тауқыметіне байланысты отбасылық өмірде кейбір қиындықтарды бастан өткеріп, қағажу көріп жүрген жас аналарды қолдау, уақытша кедергілерге мойымай, аяғынан тұрып, қоғамға етене араласып кетуіне септесу болатын. Осы тұрғыда, шараға  ұйымдастырушы ұйымдардың өкілдері Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж студенттері мен Аналар үйінің  қызметкерлері қатысып, жас аналарға қуаныш сыйлады.

Бұл күні төрт сәбидің Жыл сайын тұсауы кесілді. Мұндай құрметке «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев, орынбасары Бақберген Қарабаев, Мәдениет қайраткері, сахна  саңлағы Анета Баетова, Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші  Гүлмайдан Сүндетова сынды танымал тұлғалар ие болып, ақ тілектерін жолдады. Соңынан   «Құспан молда» мешітінің наиб имамы Нариман Жұмашев батасын берді.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз