Атыраулық мемлекеттік қызметшілер коронавирус таралу кезінде үйлену тойлары мен мерейтойларды өткізуден бас тартуы тиіс

94ec9f3e d986 43b1 a854 7b6d7eff0e0e Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің этика жөніндегі өкілі хабарлады.

«Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында көпшіліктің қатысуымен өтетін шараларға тыйым салынды,мемлекеттік қызметшілерге үйлену тойларын, мерейтойларды, басқа да көпшілік шараларды ұйымдастырудан және қатысудан бас тарту қатаң түрде ұсынылды. Бұл шаралар өзінің және айналасының денсаулығын қорғауға, сақтауға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы керек»,-деді Фарида Ахметова.

Бұған дейін ДДСҰ коронавирус инфекциясы пандемиясының таралғанын хабарлаған болатын.Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі сақтық шараларын қабылдады:

 – 13 наурыздан бастап көпшілік қатысатын шараларды өткізуге тыйым салынды;

 – 16 наурыз – 5 сәуір аралығында мектеп оқушыларына демалыс жарияланды, балабақшалар жұмысын жалғастыруда;

 – 16 наурыздан бастап ЖОО студенттері онлайн оқуға көшеді;

 – Мектеп оқушыларының демалысы кезінде көшпелі экскурсияларға тыйым салынды;

 – Қоғамдық көліктерге, көпшілік жиналатын жерлерге міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі;

 – санитарлық-алдын алу шаралары, соның ішінде қарттар үйінде де жүргізіледі;

 – 1А, 1Б, 2 және 3 санаттағы елдерге шығуға тыйым салынады;

 – базарлар мен сауда орталықтары жұмысын жалғастырады, кинотеатрлар жабылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз