Атыраулық дзюдошылар олжалы оралды

64324306 2441637139389996 17650679204020224 o Жаңалықтар

Atr.kz/18 маусым, 2019 жыл. Жуырда Орал қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. Төрт жылда бір өтетін айтулы додада Атырау облысы құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль еншіледі.

Татамидағы бәсекелер   үш күнге созылып,  90 келі салмақта өнер көрсеткен  Сұңғат Закарияевтің бағы жанып, ол алтын жүлдеге ие болды. 100 келі салмақтың ақтық сынында белдескен тағы бір спортшымыз Арман Қалиевке аздаған сәттілік жетіспей,  ол мойынына күміс медаль тағынды. Ал, 60 келіде күрескен  Қанат Сейілхан қола медаль еншіледі.

Қыздар құрамасы бұл сында үш қолаға қол жеткізді.  Осылайша Әйгерім Төреғожина (48 келі), Эльмира Самиғоллаева (78 келі) және Саида Қапсалықовалар (+78 келі) үшінші тұғырдан көрінді.

Жарысты қортындылайтын командалық  сайыста да балуандарымыз  бұл жолы қола медальға ие болды. Олар алғашқы айналымда Алматы қаласын ұтса, жартылай финалда Шымкент қаласына есе жіберді. Қола медаль үшін болған белдесуде Батыс Қазақстан облысының командасынан басым түсті.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз