Атыраулық дәрігерлер төрт жасар баланы ажалдан аман алып қалды

whatsapp image 2019 11 20 at 15.51.01 1 Жаңалықтар

Atr.kz/20 қараша, 2019 жыл. Атыраулық дәрігерлер тағы бір бүлдіршінді ажалдан аман алып қалды.

18 қарашада сағат түнгі екі шамасында Атырау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне 4 жасар бала түсті. Алғашқы белгілері оның жағдайы ауыр екенін айқындады. Баланың тамақ, өңеш жолдары бітеліп, тамақ жүруі тоқтаған. Оның өңешіне 100 теңгелік монета тұрып қалғаны анықталды.

Аурухананың кезекшіліктегі дәрігерлері эндоскопист  Ербол Төлегеновті жұмысқа шақыртқан. Жұмыс орнына келген маман жедел түрде эндоскопиялық құрылғы көмегімен әлгі монетаны шығарып алды.

whatsapp image 2019 11 20 at 15.51.01
whatsapp image 2019 11 20 at 15.51.01 3

– Түнгі екілер шамасында жұмыстан телефон шалынды. Жағдайды түсінген бойда, дереу ауруханаға келдім. Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастай алады. Бірақ, ата-анасының дер кезінде хабарласуы себепті, біздің мамандардың дер кезінде тиісті шараларды жүзеге асыруы арқасында, қажетті медициналық процедура жүзеге асырылып, баланы аман алып қалдық. Қазір, баланың жағдайы жақсы, – деді  дәрігер Ербол Төлегенов.

– Баламның тиынды қай кезде жұтып қойғанын білмеймін, бір білетінім, бет әлпеті өзгеріп, жағдайы нашарлай бастағанда жедел жәрдем шақырдым. Одан кейін, жедел жәрдем ауруханаға апарды. Әйтеуір, аман алып қалды баламды. Сол себепті , дереу келген жедел жәрдем қызметкерлеріне де, тиісті ем-домын жасаған балалар ауруханасы дәрігерлеріне де  алғысым шексіз, – дейді бүлдіршіннің анасы.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз