Атыраулық «Барсы Атырау» баскетбол клубының екі командасы чемпион атанды (+ФОТО)

whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18 2 Жаңалықтар

Atr.kz/16 қаңтар, 2020 жыл. Ақмола облысының Шортанды қаласында баскетболдан 2004-2005 жылдары және 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен қысқы чемпионатта  атыраулық «Барсы Атырау» баскетбол клубының екі командасы жеңімпаз  атанды.

Себетке доп түсіруге машықтанған жеткіншектерден  құралған 8 команда жеті күн бойы өткен тартысты бәсекелерде айналма әдісімен өзара мықтыны анықтасты. Барлық ойындарында қарсыластарына қарағанда көп ұпай жинаған қос командамыз жарыс нәтижесінде ең үздіктер атанды.

Жеңімпаз команда құрамындағы жерлестеріміз Михаил Миранов пен Әлишер Мұратұлы осы чемпионаттың ең үздік ойыншылары атанды.

– Біріншілік өте жақсы өтті. Атыраудың намысын қорғау үшін барлық күш-жігерімізді салдық. Баскетболмен айналысып келе жатқаныма біраз уақыт болды. Алдағы уақытта әлі талай  жарыстарға қатысып, өз өңірімдегі баскетбол ойынын дамытамын деп ойлаймын, – деді Әлишер Мұратұлы.

         Осы жеңістерінен соң 2004-2005 жылғы өрендер бірден Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін  Еуропалық біріншіліктің  екінші кезеңіне қатысу үшін аттанып кетті. Қос команданы да жарысқа белгілі жаттықтырушы Анатолий Лысяк дайындады.     

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18 2
whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18 7
whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18 3
whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18 4
whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18
whatsapp image 2020 01 15 at 16.25.18 6
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз