Атыраулықтар жасөспірімдер – ел чемпионы! (+ФОТО)

zhekpe zhek 3 Жаңалықтар

Atr.kz/14 маусым, 2019 жыл. Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдер арасында  ұлттық жекпе-жектен Қазақстан чемпионатына өтіп, оған  еліміздің әр түкпірінен 500-ге жуық спортшы қатысты.

Балғындардың басын қосқан бәсеке үш күнге созылып, қорытындысында осы сынға қатысқан жерлестеріміз Арсен Ризуанов,  Мади  Сұңғатолла, Мейрамбек Айғалиев Қазақстан чемпионы атанса, Абдурраxман Жағпар, Дархан Мәжит, Тұрлан Баязовтар ақтық сында ғана есе жіберіп алды. Ал Жарқын Теңелбай, Олжас Тәжібеков, Ислам Айтжанов, Досымжан Мереке, Арсен Жаңбырбай қанжығаларына қола  медаль байлап қайтты.

Атыраулықтардың абыройын асқақтатқандарды бұл сынға Абай Батырғалиев, Ануарбек Батаев, Талғат Жұмағалиев, Қуандық Жаңбырбаев, Бердібек Сиражев сынды жаттықтырушылар дайындапты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

zhekpe zhek 1
zhekpe zhek 2
zhekpe zhek 5
zhekpe zhek4
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз