Атырау қаласының прокуроры тағайындалды

Жаңалықтар Заң Құқық

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Тайтуллин Аршат Табылдыұлы Атырау қаласының прокуроры болып тағайындалды.

А.Тайтуллин 1976 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Мақат ауданының прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

Осы тағайындалғанға дейін Атырау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы қызметінде жұмыс жасаған. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 16 жылдан астам.

Дереккөз: Атырау облысының прокуратурасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған