Атыраудың бас полицейі ауысты

1469170906 policiya rk 21 Жаңалықтар

Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысының полиция департаментіне жаңа бастық тағайындалды.

Департаменттің жаңа басшысы – Қамза Үмбетқалиев. Ол 56 жаста, соңғы үш жылда департамент бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. Ол ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық ІІД жедел іздестіру бөлімінің жедел уәкілі ретінде бастаған. Әр жылдары аудандық полиция бөлімдерін басқарған, 2012-2016 жылдары Атырау ІІД бастығы болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз