Атыраудың «арландары»

arlandar 1 Жаңалықтар

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Атырауда ұлттық жекпе-жектен алғашқы спорт шеберлігіне үміткерлер марапатталды.

Аталған спорт түрінен жастар мен жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы Ануарбек Батаев пен Жаңаталап мәдениет үйінің ұжымы бірлесе спорттық, әрі сазды бағдарлама ұйымдастырды. Кеште «Арлан» жекпе-жек клубының шәкірттері сахналық қойылымдар қойып, көрермен ықыласына бөленді.

Олардың қатарында – Арсен Ризуанов, Жарқын Теңелбай, Бекзат Ізмағамбетов, Арсен Жаңбырбай, Абдурраxман Жағыпар, Мәди Сұңғатолла, Парасат Сәлімгерей аймақта алғашқы болып жекпе-жектен спорт шеберлігіне үміткер атанды. Осынау маңызды марапатты дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығының вице-президентті Асқар Медеуов, облыстық жекпе-жек президенті Әлібек Аймұратов және аға жаттықтырушы Абай Батырғалиев табыс етті.

Сондай-ақ, клуб мүшелеріне алғыс хат пен сыйлықтар тарту етілді. Ал, еліміздің төрт дүркін чемпионы Арсен Ризуановқа демеушілер тарабынан ақшалай марапат ұсынылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

arlandar 2
arlandar 3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз