АТЫРАУДЫҢ АЛТЫН САНДЫҒЫ газ-химия кешені пайдалануға берілгенде еліміз көл-көсір табысқа ие бола ма?

sismimisimsis Жаңалықтар

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Қазақстанның тұңғыш интеграцияланған газхимия кешенінен ел зор үміт күтіп отыр. Қытайдың CNCEC компаниясы бас мердігер болып табылатын жобаның құны 1,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба жүзеге асқанда 3 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға, өнімге деген ішкі сұранысты толықтай қамтып, тұрақты экспорттық түсім алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, ауқымды жұмыс уақытында жүзеге аспай қалды. Неге?

БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБА

Былтырғы жылдың соңында «АтырауНефтеМаш» ЖШС елімізде алғаш рет ірі габаритті және аса ауыр сплиттер-бағана жасап шығарды. Жоба басшысы Азамат Ізтелеуовтің айтуынша, мұнай-газ саласына қажетті жабдықтың бұрынғы кеңестік республикалар аумағында баламасы жоқ. Оның ұзындығы 105, диаметрі 11 метрді құрайды, салмағы 1200 тоннаға тең. Жеті бөліктен тұратын құрылғыны құрастыруда ерекше инженерлік шешімдер жүзеге асты. Бұл тасымалдау жұмыстары кезінде өздігінен жүретін модульді тасымалдағыштың белдігіне түсетін салмақты айтарлықтай азайтты.

– Б ү г і н д е о т а н д ы қ кәсіпорындардың мүмкіндігі зор. Бұрын мұндай ірі габаритті және аса ауыр құрылғы елімізде жасалған емес. Батыс аймақтағы ірі мұнай жобаларынан тапсырыс қабылдай бастаған қазақстандық зауыттар шетелдіктердің сенімді серіктесіне айналуда. Сплиттер-бағана «Ұлттық индустриалды мұнайхимиялық технопаркі» арнайы экономикалық а й м а ғ ы н д а о р н а л а с қ а н интеграцияланған газ-химия кешенінде пайдаланылады, – деді Энергетика министрлігінің газ және мұнайгаз-химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев.

ОБЛЫС ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ОҚИҒА

Сплиттер-бағананың елімізде жасалуы газ-химия жобасындағы қазақстандық өнімнің үлесін бірден 7 пайызға өсірді. Бұл – ерекше атап айтар көрсеткіш. Бұрын барлық қажеттіні шетелден әкелетін, «құрал-жабдықтар Қазақстанда шығарылмайды» деп сылтау айта
тын инвесторлар бүгінгі талапты түсіне бастады. Оның үстіне Атырау мұнай машиналары зауытының өнімдері өте сапалы, тапсырысты да уақытылы орындайды.

Алып нысанды жабдықтауда Еуропа елдерінен құрал-жабдықтың көбірек келетіні белгілі болды. Оны пайызға шаққанда, 78-ді құрайды. Сонымен бірге, қытайлық құрылымдардың да үлесі бар. Энергетика министрі ретінде алғашқы алқа мәжілісінің бірін Атырау газ-химия кешенінің құрылысына арнаған Нұрлан Ноғаев бұл мәселеге ерекше маңыз берді.

– Елбасы мен Мемлекет басшысының қойып отырған басты талабы – қазақстандық өнімді ұлғайту. Бұл ел экономикасының табысын еселей түсуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары әлемдік мұнай-химияда газды шикізат ретінде пайдаланатын кешендер құрылысының ұлғаюы байқалады. Осыған орай, республикада іске асырылып жатқан полипропилен мен полиэтилен өндірісі бойынша газ-химиялық кешеннің өзектілігі одан сайын артып келеді. Дәл осы полиэтилен мен полипропилен барлық полимерлерді әлемдік тұтынудың 60 пайыздан астамын құрайды, – деді Нұрлан Ноғаев.

СҰРАНЫСҚА ИЕ ӨНІМДЕР

Атыраудағы ауқымды жобалар мемлекеттік индустриалдыинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Мәселен газды тереңдетіп өңдеу арқылы 500 мың тонна полипропилен мен 1 250 мың тонна полиэтилен шығаруға мүмкіндік бар. Құрылыс қарқын алғанда 6 мыңнан астам адамның жұмысқа тартылатыны белгілі болып отыр. Ал, қазір мұнда 2100 адам еңбек етуде. Соның 447і – Қытай елінің азаматы.

– Бірінші жоба – полипропилен өндірісі бойынша өткен жылдан бастап құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазір 53 пайызға орындалды. Құрылыс кестеге сәйкес жүруде. Полиэтилен жобасын әлемнің ең ірі полимерлер өндірушілерінің қатарына кіретін австриялық Borealis компаниясымен бірлесіп іске асыру жоспарланып отыр. Екі жобаның еліміздің Жалпы Ішкі Өнімдегі жиынтық үлесі 1,5 пайыз болады деп күтіледі, – деді Kazakhstan P e t r o c h e m i c a l Industries Inc. (KPI) компаниясының өкілі.

КЕШІГУДІҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

Газ-химия к е ш е н і н і ң қ ұ р ы л ы с ы к е ш і к т і р і л і п , кейінге қалып келді. Энергетика министрлігінің департамент директоры Зияш Қияқбаевтың баяндауынша, жоба 2018 жылдың маусым айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарылуына берілгеннен кейін жүзеге аса бастады. Оған дейінгі құрылысы 6 пайыз болса, қазір 53 пайызға жетіп отыр. Мұнда екі технологиялық қондырғыдан өзге, 32 жалпы зауыттық нысан салынуда.

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған газ-химия кешені нарыққа қосымша құны жоғары өнім саудалауға мүмкіндік береді. Отандық мамандардың білімі мен біліктілігін көрсетуіне жағдай жасайды. Кешенде мыңдаған адам еңбек етсе, соның түгелге дерлігі өзіміздің жерлестеріміз болады. Жаңа жоба 2021 жылдың тамыз айында іске қосылып, сынақтан өткізіледі деп жоспарлануда. Болашақта үлкен жұмыстардың жүзеге асуы Атыраудың кәсіпкерлік саласына да даңғыл жол ашады.

Алғашқы кезекте халыққа қажетті бұйымдар шығаратын 15 жобаның дайындалып жатқандығы белгілі болды. «Атыраудың алтын сандығы» аталып үлгерген алып жоба пайдалануға берілгенде, еліміз көл-көсір табысқа кенеледі. Ел ырыздығына айналып, халықтың табысы еселенеді деген үміт бар.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз