Атыраудан Шымкентке рейс ашу жоспарлануда

imlmrormoro Жаңалықтар

Аtr.kz/4 маусым, 2020 жыл. Жуырда Атыраудан Шымкентке рейс ашу жоспарлануда.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Бірінші кезекте «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» рейстері іске қосылмақ. Әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ облыс тұрғындарын қол жетімді авиабилеттермен қамтамасыз ету мақсатында FlyArystan авиакомпаниясымен келіссөздерді бастаған болатын.

Тараптар келісімді талқылап, Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейстерін бастау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Болашақта авиакомпания еліміздің барлық бағыттарына рейстер ашуға ниетті.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз